Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды

Қытайда ең жоғары деңгейлі төтенше жағдай жарияланды
сурет: Inform.kz

Тауда сел жүру қаупі артқан

ҚХР-дың Су шаруашылығы министрлігі мен Метеорология басқармасы елдің оңтүстігіндегі таулы өлкеде сел жүру қаупі туындауына байланысты қызыл деңгейлі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Синьхуа агенттігінде көрсетілгендей, метеорологтердің мәліметі бойынша, 2 шілде күні 20:00-ден бастап Гуандун провинциясының батыс бөлігі мен Гуанси-Чжуан автономды өлкесінің шығысындағы кей жерлерде тауда сел жүру қаупі артқан. Жергілікті билікке бақылауды күшейту және су тасқыны, сел бола қалған жағдайда алдын ала хабарлауға мұқият дайын болу тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге дайындалу ескертілді. Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және ең жоғарғы қызыл деңгей.