Музыкантты сахна қалыптастырады

Жақында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында теория бөлімі ұстаздарының ұйымдастыруымен «Музыканттың тұлға ретінде қалыптасуындағы концерттің маңызы және рөлі» тақырыбында «Дөңге­лек үстел» өткізілді. Бұл тақырып мектеп­те өзек­ті мәселелердің бірі саналады. «Дөңге­лек үстел» барысында осы мәселені шешу жолдары талқыланып, ұстаздар ой бөлісті. Қатысушы ұстаздардың ойын білу мақсатында шағын сұхбат жүргізген едік.

– Кәсіби музыкант қалыптастырудағы концерт қызметінің рөлі қандай?

Л.Бейсенова: — Сахна ережесі музы­канттарда ерте жастан, тіпті  алғашқы оқу жылынан басталады. Концерттік прак­тика – жас музыкант тұлғасын қалып­тастырудың ажырамас бөлігі: жас орындаушының сахналық шынығуы қобалжуды жойып, бойын еркін ұстауға, өзін-өзі дамытып отыруға жетелейді. Концерттерге қатысу сахналық қорқы­нышты жеңуге ықпал етіп, шығарма­шылық даралықты дамытады.

А.Бекжігітова: — Концерт барысында әрдайым қобалжу басым болады. Қобал­жуды жеңу үшін тыныс алу жаттығулары, шығармашылық көріністерге негізделген психологиялық түзету жұмыстары жаса­луы керек.

– Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері музыкант­тың жеке басының табысты қалыптасуына байланысты ма?

А.Қозыбаева: — Концерттік қызмет – мұғалім мен оқушының бірлескен ісінің нәтижесін айқындайтын жүйе. Оқушы – мұғалімнің өмірі: ол үшін бар қабілетін, күшін, білімін, уақытын береді. Мұғалім шеберлігінің арқасында және шығарма­шылық түсіністік орнату арқылы жас музыканттың тұлғасы қалыптасады. Оқушының психофизикалық ерекшелі­гін анықтау үшін түрлі концерттер мен кон­курстарға қатысу қажет болады. Ол үшін мұғалім бағдарламаны сауатты құрас­тырып, концерт алдында тұрақты психоло­гиялық дайындық жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар солист пен кон­цертмейстер арасында шығарма­шылық диалог орнатады. Шығармашыл, зерделі музы­кант тұлғасын қалыптастыру – жан-жақты ойлану, мәдени іс-шара­ларға, мас­тер-кластарға, концерттерге қатысу деген сөз. Бұл оның одан әрі жетістікке жетіп, мектеп сахнасында, халықаралық кон­курс­тарда нәтижеге жетуіне байланысты болмақ.

Ж.Назарбаева: — Әрине, оқушылар мектепке келгенде бәрінің деңгейі шама­лас болады. Бірақ олардың әрқайсысы табысқа жету жолында өз мүмкіндігіне сүйенеді, мұғалім дұрыс бағыт-бағдар, кеңес береді, ата-анасы қолдау көрсетіп, жетістікке жетуіне көмектеседі, қорыта айтқанда, шығармашылық өміріне әсер етеді. Музыкантты тәрбиелеу – жеке-дара жүретін үдеріс, жалпылама кеңес бере алмайсыз. Меніңше, біз оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатын ұстануы­мыз қажет. Көп кітаптан ұлы музыкант­тардың кеңесін оқуға болады, бірақ кітапқа қарап аспапта қалай дұрыс ойнауға болатынын біле алмайсыз. Кітап көмектесе алады, осы бағытта қиялды оятуға болады, бірақ сіз мұғаліммен бірге жеке ойнап қана үйренесіз. Екі адамның – шебер педагог пен оқушының жүзбе-жүз дайындығы ғана зор үміт күттіреді.

В.Шүкенова: — Қазіргі әлем тек бала­дан ғана емес, мұғалімнен де бірнеше тіл білуді, ақпаратпен танысу мүмкінді­гін, техногендік кеңістікті талап етеді. Оқушы­ларымыз әлемнің кез-келген жерінде кез-келген жағдайға бейім болуы керек. Қазіргі заманғы мұғалімнің міндеті – мұның бәрін білу ғана емес, балаларға осы ресурстарды кәсіби қызметінде пайдалануға көмектесу.

– Музыкант мамандығы сұранысқа ие ме? Әрине, композиторлардың жақсы музы­касы бар, басқа да мысалдар бар, негізінен қолжетімді құралдар мен техникалар бар, бірақ балалардың көбі өз өмірін музыкаға арнағысы келмейді. Баланы өнерге қалай тартуға болады?

Г.Мұрзағалиева: — Бүгінгі жас ұрпақ бәріне қолжетімділік тұрғысынан өмір сүреді. Қазіргі заманғы бала неге музы­кант мамандығына немқұрайды қарай­ды? Өйткені, ол өте қиын, аса табысты емес, әрқашан жоғары ақы төленбейді және т.б. Яғни жастар музыкант маман­дығының болашағы бар екенін және сол туралы қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында ұлы шеберлердің, олардың табысты өмірін, қиындықтарын, бірақ табысқа толы жұмысын көрсететін ақпа­рат беру керек. Музыкалық өнердің дүние жүзі мәдениеті үшін өте маңызды және қажетті екенін жеткізген жөн.

Р.ТҰРАБАЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *