Министрлік ақша жинауды жоққа шығарды

Министрлік ақша жинауды жоққа шығарды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  


Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады.

Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын.

Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып табылмайды, өйткені ағымдағы жылдың мамыр айында теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады.

Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады.

Өз кезегінде ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асырады және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылдануда.

ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкерлері үшін «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады.
 
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі