«Минск» - «Астана» матчы өтеді

«Минск» - «Астана» матчы өтеді
Prosports.kz

ВТБ Біріккен лигасы.

25 желтоқсанда «Астана» баскетболшылары ВТБ Біріккен лигасының кезекті маусымы аясында сыртта Беларусьтің «Минскімен» ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Командалар «тұрақты маусымның» аутсайдерлері – астаналықтар екі жеңіске жетті, минскіліктер бір рет қана қарсыластан басым түскен.

Сондықтан екі команда да өз жағдайын жақсартуға бел буып отыр.

«Минск» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан астанасы уақыты бойынша сағат 17:50-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан көруге болады.