Үздік ауыл әкімі

Үздік ауыл әкімі
Суреттер: Google.com

Елімізде өткен «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауында Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейітов жеңімпаз атанды.

ҚазАқпарат дерегінше, еліміздегі ең үздік әкіммен сұхбаттасып, оның жоспар-жобаларымен танысып қайтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Нұрбақыт Нұрсейітов қызмет атқаратын «Жаушықұм» ауылдық округінде 5 елді мекен бар. Онда жалпы 2500-ға жуық халық тұрады.

Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Төрт түлік өсіріп, мал басын көбейтіп отырғандары да бар.

Бүгінде Нұрбақыт Нұрсейітов ауылдағы 12 мың гектар алқапты суландыру жобасын қолға алып отыр.

Шардара су қоймасынан арнайы су жүйесін тартып, құрғап жатқан үлкен аумақты егістік алқабына айналдырмақ.

Жас әкім бұл жұмысын республикалық байқауда қорғап шықты. Ел игілігіне арналған жобаны байқаудың бақылаушылары да жоғары бағалады.