Мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын – Тоқаев

Мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын – Тоқаев
Сурет: Gov.kz

Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік.

Биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.