Алдағы жылы Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді

Алдағы жылы Мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді
ainews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы осы арқылы көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамы жасақталатынын атап өтті.

«Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін артыратыны сөзсіз. Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.