Президент ең төменгі жалақы деңгейін көтеру шешімін қабылдады

Президент ең төменгі жалақы деңгейін көтеру шешімін қабылдады
Сурет: Kapital.kz

Бұл ретте 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады.

Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты.

«Бұл ретте 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.