Мен оған медальді бергенде, оның көзінен қуаныш көрдім...

Мен оған медальді бергенде, оның көзінен қуаныш көрдім...
Сурет видео скрині

Желіде жеңіп алған медалін жоғалтқанын айтып, жылап тұрған балаға өз медалін берген жаттықтырушының видеосы тарап көпшілікті алғысына бөленді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Видеода жеті жасар футболшы жаттықтырушыға жарыста жеңіп алған медалін жоғалтқанын айтып, жылап тұр. Тәлімгер баланы тоқтатып, оған "Мен сияқты жаттықтырушың бар кезде жылама, жылама» деген сөздермен өз сыйлығын береді.

Видеодағы футбол академиясының директоры және жаттықтырушысы Досхан Қарасаев болып шықты, ол 5 жастан 13 жасқа дейінгі балаларды жаттықтырады.

Ол команданың 16-17 қыркүйекте Қызылордада өткен жарыстан келе жатқанын айтқан. Досханның тәрбиеленушілері бірден төрт жас тобында бірінші орынға ие болды.

«Артурдың менің тобыма келгеніне 5 ай болды және ол біздің топтағы ең кенжесі, бұл оның алғаш рет жарысқа баруы болатын. Жолдың соңында әкімші келіп, Артур медалін жоғалтып алғанын айтты. Біз оны іздедік, бірақ таба алмадық. Біз пойыздан түскелі жатқанда, мен оның жылап жатқанын байқадым. Мен қасыма оны шақырдым және оған осы турнирде үздік жаттықтырушы ретінде алған медалімді беруді шештім. Мен оның көңілі қалғанын көріп, анасының оны медальсыз қарсы алғанын қаламадым. Мен оған медальді бергенде, оның көзінен қуаныш көрдім. Бұл сәт маған жаттықтырушылар ретінде тек тәлімгер ғана емес, сонымен қатар тәрбиеленушілеріміздің досы мен әкесіндей болуымыз керек екенін еске салды».

Желі пайдаланушылары жаттықтырушының мейірімге толы «кең жүрегі» үшін алғыс айтты.