Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Рrimeminister.kz

Жиын 18 қаңтарға белгіленді

Сейсенбі күні, 18 қаңтарда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап 

Күн тәртібінде:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
  • Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары;
  • Инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.