Қыркүйекте мектеп автобустарын жүргізу пилоттық жобасы қабылданады

Қыркүйекте мектеп автобустарын жүргізу пилоттық жобасы қабылданады
dalanews.kz

Қыркүйек айында балаларды мектепке тасымалдайтын автобустар жүргізу пилоттық режимде жоспарланған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сұрақ:
-  Сіз мектеп оқушыларын тасымалдау автобустары болатынын айтқансыз? Осы мәселе шешілді ме? 

Алматы әкімі Ерболат Досаев:
- Тасымалдау автобустары туралы көктемде айтқанмын. Мәселе әлі толық шешілген жоқ. Дегенмен, кеше ғана осы мәселеге байланысты кездесу өткіздім. Бұл пилоттық жоба болмақ. Әр ауданнан мектептер таңдалды, жалпы саны 28 мектепке балаларды тасымалдау автобустарын жүргізу пилоттық режимде жоспарланған. Барлығы орынды болса, бағдарламаны қыркүйектің соңына дейін қабылдаймыз.