Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді.

Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.