Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.