Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.