Мектеп директоры қызметінен босатылды

Мектеп директоры қызметінен босатылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қаласының Білім басқармасы №41 мектепте орын алған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.   

Бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты 870 орын. 

Осы мектепте орын тапшылығы проблемасын шешу үшін 2023 жылы  Самғау шағын ауданында 2000 орындық жайлы мектептің құрылысы басталған болатын. 

Ағымдағы жылдың 27 ақпанында екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі - осы күні оқушылардың киіну процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы.

Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры атқаратын қызметінен босатылды.