«Мектеп автобусы» жобасы аясында Жетісу ауданындағы төрт мектептің оқушылары тасымалданады

«Мектеп автобусы» жобасы аясында Жетісу ауданындағы төрт мектептің оқушылары тасымалданады
pskov.ru

Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен жобаны іске асыру жалғасып жатыр. «Мектеп автобусы» жобасы аясында Жетісу ауданында мектеп оқушыларын тасымалдауға аса мұқтаж 4 мектеп таңдап алынды. Бұл - № 80, 87, 112 және 193 мектептер.

Осы мақсатқа 16 арнайы автобус бөлінеді, оның үшеуі осы наурыз айында балаларды №193 мектепке тасымалдауды бастайды. Қалған автобустарды үш мектепке жеткізу осы жылдың маусым айына жоспарланған.