Маусым айында 300 орындық балабақша ашылады

Маусым айында 300 орындық балабақша ашылады
almaty-akshamy.kz

Сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты мәселе деп атап өтті Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде 

Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін аудан бойынша 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сондай-ақ 400 орындық 8 жеке меншік балабақша салу жоспарланған.

Оның ішінде 3 мектепті «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салу жоспарлануда:  Егізбаев 9 мекен – жайы бойынша 2500 орындық, Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық және Розыбакиев-Қожабеков қиылысында 2000 орындық. Құрылыстың басталуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «РАМС Қазақстан» құрылыс компаниясы «РАМС Сити» МЖК аумағында ағымдағы жылдың соңына дейін 1100 орындық мектеп және 2 балабақша салатын болады. 240 орын (әрқайсысы 120 орын).

«Акварель» ТК-де 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Балабақшаның ашылуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.