Мамырда «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдана бастайды

Мамырда «Бақытты отбасы» бағдарламасына  өтінім қабылдана бастайды
kazlenta.kz

Биыл мамыр айында «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына азаматтардан өтінім қабылдана бастайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Биыл мамырда «Бақытты отбасы» бағдарламасын жалғастырамыз. Аталған тұрғын үймен қамту бағдарламасы осымен төртінші жыл іске асып келеді. Ол үшін бюджеттен 51 млрд теңге келіп түсті. Жоспар бойынша 5 отбасыға 2 пайыздық мөлшерде тұрғын үй беріледі. Сонымен қатар келесі айдан бастап «Әскери баспана» бағдарламасын іске қосамыз», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл 22 мың азамат тұрғын үй несиесіне ие болды.

«Сондай-ақ, жыл басталғалы 240 мың қазақстандық біздің банктен депозит ашты. Ол депозиттерге 4 айдың ішінде 511 млрд теңге аударылды», - дейді ол.