Мамыр айында неше күн демаламыз?

Мамыр айында неше күн демаламыз?

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

Мамыр айында 3 мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Демек жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына қазақстандықтар дүйсенбі 8 мамырда демалады.

Яғни, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр - демалыс.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр - демалыс.