Мәжіліс вейпке тыйым салатын заң қабылдады

Мәжіліс вейпке тыйым салатын заң қабылдады
Сурет: Cloudfall.com.ua

Елімізде электронды темекілерді тасымалдауға, өндіруге және сатуға тыйым салынады.

Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жаңа стандарттар қарастырылған.

«Электронды темекілерді (вейп) елге  әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар белгіленді», деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ құжат медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды.

Заң Сенаттың қарауына жіберіледі.