Мәулен Әшімбаев Тошиаки Эндомен кездесті

Мәулен Әшімбаев Тошиаки Эндомен кездесті
Сурет: senate.parlam.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламенті депутаттарының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев Жапония Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

photo

Сондай-ақ, Спикер Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының жұмысын жоғары бағалап, парламентаралық ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында да арттырудың маңызды екенін тілге тиек етті.

Сұхбат барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де сөз болды. Одан бөлек, тараптар декарбонизация, цифрландыру, сирек металдарды өндіру, ауыл шаруашылығы, логистика сияқты салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.

photo

Сенат Спикері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан реформалардың маңызына да тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қызметіне назар аударып, діни Форумға көрсеткен қолдауы мен оған белсене қатысып келе жатқаны үшін жапон тарапына алғыс білдірді.

Өз кезегінде Тошиаки Эндо Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістердің тиімділігін және жан-жақты өзара іс-қимылды арттырудың маңызды екенін айтты.