Мәскеуде бес адамнан коронавирустың «Кентавр» деген түрі анықталды

Мәскеуде бес адамнан коронавирустың «Кентавр» деген түрі анықталды
Сурет: Vedtver.ru

Дәрігерлер Мәскеуде коронавирус жұқтырған бес пациенттен «Кентавр» деген кіші түрін тапты.

Барлық науқастарда ауру жеңіл түрде өтуде. Науқастар арасында ауруханаға жатқызылғандар жоқ. Соңғы екі аптада Ресейде анықталған коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының ішінде «омикронның» кіші түрлері - BA.4 және BA.5 штамдарының үлесі 51,76%-ке жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 

Омикронның өзі жағдайлардың 1,85%-інде, Дельта нұсқасы 0,73%-інде анықталған.

"Кентавр" - "омикрон" коронавирус штамының жаңа кіші түрі. Бұл коронавирустық мутация Үндістанда және кем дегенде он елде, соның ішінде Нидерланды, Австралия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Канадада табылды.  

Ал Қытайдағы Цзянси провинциясында аққулардың коронавирус жұқтыру жағдайы алғаш рет  тіркелді. АҚШ биология ғылымдарының докторы құстардағы коронавирусты анықтау COVID-19-да одан да қауіпті мутацияға әкелуі мүмкін деп ескертті. Сонымен қатар, қоныс аударатын құстардың өмір салтына байланысты аққулар қысқа мерзімде бұл мутациялардың кең қашықтыққа таралуына ықпал етуі мүмкін. Ғалымдар коронавирустық инфекциядан қорғанудың жалғыз әдісі - вакциналау екенін айтады.