Ұлттық аспаптар – тик-токта

Не байқадыңыз?

 

Ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген қазақстандықтардың бейне-роликтерін 4 миллионнан астам адам қарады.

Бұл қазақ халқының салт-дәстүрін, музыкалық аспаптары мен қазақ тілін әлемдік платформаға жүктеп, өзге елге танытуды көздейтін жастардың саны артқанын көрсетеді.

Отандық жас продюсер Данияр Рахметжанов ұмыт болған қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын тик-токта насихаттап жүр. Ол домбыра, шертер, шаңқобыз арқылы шетелдік әндермен коллабрация жасайды. Данияр басқа да аспаптарды меңгеріп, қабілетін әлі күнге дейін шыңдап келеді.

– Домбыра, шертер, шаңқобыз, қазір сазсырнайды үйреніп жатырмын. Болашақтағы мақсатым – қазақи көне аспаптарды меңгеру, қазақи контент жасау. Қазақтың өнерін жаңа форматта көрсету, соларға патриоттық сезім ұялату, әлемге таныту, – деп, өзінің «Assalamu Alaikum» әні мен видеосы тик-токта қазан айында трендке айналғанын жеткізді. Даниярдың айтуынша, мұндай контент арқылы әлемге қазақ халқының кеңпейілді екенін паш етуге болады.

– Бейнебаянынан бұрын әнін жаздық. Сөзіне, музыкасына, бейнетүсіріліміне үш күн уақыт кетті, – деді Данияр.

Бүгінде тиктокерлер қазақтың салт-дәстүрі мен тілін де дәріптеп жүр. Олар қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді аударып, 15 секундтық контент жасаған. Қазіргі таңда елімізде бірнеше «Tiktok house» бар. Онда атақты тиктокерлер жиналып, әртүрлі бейнежазбалар түсіреді. Ең алғашқы ашылған топқа бір күнде 100 мың адам жазылған. Оның қазірде 10 миллионға жуық тұрақты оқырманы бар.

– Tiktok House – медиа платформа. Бұл жерде талантты жастар, әнші, биші, әзілкеш, шығармашылықты жаны сүйетін адамдар жиналады. Трендке айналған желіде контент жасап, қазақстандық жастарды әлемдік деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде нәтиже жаман емес. Жаңашылдық, ізденіс керек, – деді қазақстандық «Tiktok House» продюсері Асхат Халимов.

 

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close