Лото аппараттарға тыйым салынды

Лото аппараттарға тыйым салынды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі мәрте – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды жылдам лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдады.

Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері арқылы электронды жылдам лотереяны тарату уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Алайда, кейбір жерлерде «Lotomatic» «сары-көк» ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс жасауы мүмкін. Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған «Lotomatic» киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Министрлік мемлекеттік органдар қоғам өкілдерінің көмегімен электронды лездік лотереялардың заңсыз қызметін тоқтатып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынына сенімді.