Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 40 шетелдік ұсталды

Алматы облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 40 шетелдік ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының полициясы заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады.

Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасы мен көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлері “Мигрант” жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде Іле ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигонынан Өзбекстан Республикасының 40 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмай шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Көрші елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұза отырып,  аталған қоқыс полигонында заңсыз еңбек еткен. Шетелдік азаматтар жеке басын анықтау үшін Іле ауданы ПБ-ға жеткізілді. Олардың жеке басы анықталғаннан кейін, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады», – деді Алматы облыстық полиция бастығы Бауыржан Әленов.