Қ.К. Тоқаев бірқатар лауазымды шенділерді қызметінен босатты

Қ.К. Тоқаев бірқатар лауазымды шенділерді қызметінен босатты
Сурет: Вaigenews.kz

Тұтастай алғанда бес құжатқа қол қойылды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жарлықтар және өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы қол қойды:

  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Анар Нұралықызы Жайылғанова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.
  • Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымынан босатылды.
  • Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.