Кітаптың енді керегі жоқ па?

Кітаптың енді керегі жоқ па?

Оқушылар мектепке оқулық апармайды, барлығы цифрлық форматқа көшіріледі.

Бұл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің мәлімдемесі, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, министр алдағы жылдары оқушылардың мектепке кітапсыз баратынын айтты.

«Мектептерге цифрлық технологияларды барынша енгізіп, оқушылар кітаптарды өзімен бірге тасып жүрмейтіндей етіп, барлығын цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр»,– дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.