Қазақстандық жасөспірім аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық жасөспірім аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды
Сурет: 24.kz

Аралас жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Абу-Даби қаласында өтті.

Оған бас-аяғы 20 елдің спортшылары жиналды. Шыңғыс чемпионат аясында 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін уақытынан бұрын аяқтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Соңғы сында да ғана жекпе-жек соңына дейін созылып, нәтижесі төрешілер шешімімен анықталды. Айта кетейік, Шыңғыс Жүсіпов қазақстандық спортшылар арасынан алғаш боп ММА-ден жасөспірімдердің әлем чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.