Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді

Құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Сурет: Inform.kz

 Үкімет осындай Қаулы қабылдады.

Яғни, бұдан былай төтенше жағдай қызметкері денсаулығына немесе өміріне қауіпті операцияларға аттанатын болса, жалақының 70 пайыз мөлшерінде үстемақы алып отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Ол жедел-құтқару жасағы, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицина орталығы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлеріне төленеді. Жалпы алғанда, екі мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ. Қаулы жыл басынан бері болған барлық қауіпті операцияларға қатысты болмақ.