Құрылыс компанияларының көрмесі өтті

Құрылыс компанияларының көрмесі өтті
Сурет: ашық дереккөз

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында мектеп құрылыстарын өндіретін отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 
 

Елордадағы «Конгресс орталығы» ғимаратында өтіп жатқан көрмеге 80-нен аса компания өз өнімдерін алып келген. Көрменің негізгі мақсаты елімізде мектепке қажетті құрылыс заттарын ұсына алатын компаниялардың бар екенін көрсету. Компаниялар әртүрлі өнімдерді ұсынды. Құрылысқа қажетті өнімдер мен оқушылар партасы, мектеп формасы бар. Ағаштан бастап, пластиктен жасалған қажетті құрал жабдықтарды көруге болады.

Елде мектеп құрылысын сала алатын озық мекемелер бар. Көрмені білім және ғылым министрлігінің өкілдері де көріп кетті. Бұл жобаны «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы атқарып жатыр. Көрмеден бөлек алдағы уақытта өнім шығаратын заводтарға бару жоспарланған. «Жайлы мектеп» жобасындағы мектептердің деңгейі жоғары болғанын қалаймыз. Оқушыларға тиімді болу керек, дейді - Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Илияс Оспанов.

Құрылыс компанияларының көрмесі өтті

Айта кету керек, бұл көрме алғаш рет ұйымдастырылып жатыр.