Күрең күзде күн шыжып тұр

Күрең күзде күн шыжып тұр
Сурет: 24.kz

Испания мен Португалияда күн ысып тұр.

Бұл елдерде сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтерілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Метеорологтар, ыстықтың қайтатын түрі жоқ деп отырған көрінеді.  Аптап ыстықтың табандап тұрып алғанына бірнеше күн болған. Мамандар мұны бірінші кезекте жаһандық жылынумен байланыстырып отыр. Себебі ауа температурасының көрсеткіші әдеттегіден 5-8 градусқа жоғары екен.