Құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайтын болды

Құран ұстап, таспих тартқанның бәрі уағыз айта алмайтын болды
Сурет: Astanatv.kz

Уағызшылардың алғашқы форумы Астана өтті. 

Бас мүфти жамағатқа адал мен арамның ара жігін ажыратып, жалпақ жұртқа уағыз айтатын молдалардың тұғырнамасын бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мұндағы басты мақсат — елді адастырып теріс жолға бағыттаған діни қызметкерлердің, уағызшылардың ізін кесу дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ал әлеуметтік желіде "домбыра — харам", "салт-дәстүрден алшақ жүрейік" деп кеуде соққандармен діни басқарма түсіндірме жүргізіп жатыр.

«Аллаға шүкір, біздің елден, біздің топырақтан әлемге әйгілі үлкен дін ғалымдары шыққан. Осы ата-бабамыздың еңбегінің арқасында қазіргі дәстүрлі ислам мен ұлт құндылықтары сабақтасып кеткен. Сондықтан ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді сақтап қалу мақсат», – дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.