КВИ салдарынан өлім-жітімнің көрсеткіші 43%-ға өскен

КВИ салдарынан өлім-жітімнің көрсеткіші 43%-ға өскен
Сурет: Who.int

Дертке шалдығушылар саны 14%-ға төмендеген.

ДДҰ әлемде COVID-19 вирусынан өлім-жітімнің 43%-ға өскенін жеткізді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz COVID -19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

21-27 наурыз аралығында бір апта ішінде әлемде 10 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 45 мыңнан астам адам қайтыс болды. 

Егер өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, ауру жұқтыру 14%-ға төмендеді, ал өлім-жітім 43%-ға өсті. 

Иммунологтың айтуынша, өлім санының өсуі "ламбда"сияқты коронавирустың жаңа штамымен байланысты болуы мүмкін.