Жаяу жүру шығармашылық пен логиканың арасындағы тепе-теңдікті табуға көмектеседі

Жаяу жүру шығармашылық пен логиканың арасындағы тепе-теңдікті табуға көмектеседі
Сурет: Ont.by

Психолог жаяу жүрудің қандай пайдасы бар екенін айтты

Жүру адам ағзасына шығармашылық пен логика арасындағы тепе-теңдікті табуға көмектеседі. Маманның айтуынша, ол үшін күніне 30 минуттан серуендеу керек. Сонымен қатар, бірнеше шартты орындау қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап.

 «Жаяу жүрген кезде дененің барлық бұлшық еттері нығая түседі, бұлшық еттердің барлық топтары жұмыс істейді. Жаяу жүру кезінде жарты шарлар байланысының теңелетіні байқалады, яғни оң және сол жарты шарлар өте дұрыс балансқа түседі және шығармашылық жарты шар мен конструктивті ойлау, логика мен шығармашылық арасындағы байланыс дәл осындай жақсы деңгейде болады», - деді Ващенкова.

Психолог жаяу жүрген кезде құлақты жаппау керектігін нақтылады. Яғни серуендеген кезде музыка немесе аудиокітап тыңдауды кейінге қоя тұрған жөн. Сонымен қатар, сөйлеспеген де дұрыс. Ең жақсысы, жаяу жүрген кезде алға, яғни көкжиекке қарау керек.

«Сіз мидың өте жақсы аймақтарын, ежелгі қабықты белсенді ете түсесіз. Шын мәнінде, ежелгі адам тек алға ұмытылып, көкжиек сызығына қараған. Ол алға ұмтылған кезде, өзін қауіпсіз сезінеді және оның ресурсы бар. Яғни, ол осылай алға қарай ұмтылады, алға басады. Сөздің жақсы мағынасында адам күшті әрі тыныш жағдайға тап болады», - деп қорытындылады сарапшы.