Курчатов қаласы Абай облысына қосылды

Курчатов қаласы Абай облысына қосылды
Сурет: Ulysmedia.kz

Павлодар облысының мәслихатында Курчатов қаласының аумағын Абай облысының қарамағына беру мәселесі қаралды.

Аталған ұсынысты Павлодар облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ол жаңадан құрылған Абай облысы Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданынан және Семей қаласынан құрылғанын еске салды. Оның құрамына Курчатов та енді. Қала
Павлодар облысының шекарасында орналасқан, бірақ іс жүзінде Шығыс Қазақстан облысына қарасты болып келді.

«Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан түсетін салықтар облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын ретке келтіруге мүмкіндік береді», – деді Мұрат Хамитов.

Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.