Креативті экономиканы дамыту рейтингі бойынша біз елімізде көшбасшы позицияға иеміз - Досаев

Креативті экономиканы дамыту рейтингі бойынша біз елімізде көшбасшы позицияға иеміз - Досаев
Cурет: Almaty-akshamy.kz

2023 жылдан бастап сәулет бейнесіне конкурс жарияланады

Қала өте тез өсті, сондықтан мегаполис пен оның тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шұғыл шешімдер қабылдау керек болды. Оның үстіне, қала  теңгерімсіз түрде өсті,  өйткені, миллион адамға ғана есептелген. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстанның қала салушылар Одағы ұйымдастырған XVIІ қала құрылысы форумында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкім қаланың даму жоспарына жаңадан қосылған аумақтар мен Алматының жаңа аудандарын құру мәселесі үлкен түзетулер енгізілгенін айтты. 

«Біз бүгін даму  барысында ізденістер үстіндеміз.  Қала «қалай дамығаны жөн» осыны анықтау  қажет. Әр қала өзінің даму жолын таңдайды. Алдын ала айтарым, алдағы дүйсенбіде қалаға қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мәслихат отырысы өтетін болады. Бұл – құрылыс ережелерін өзгерту және қаланың қала құрылысы кеңесін қайтару туралы шешімдер»,-деді Досаев.

Оның айтуынша, креативті экономиканы дамыту рейтингі бойынша қала  елімізде көшбасшы позицияға ие.

«Алматы тұрғындары өте дарынды. 2023 жылдан бастап сәулет бейнесіне конкурс жарияланады. Біз енді бір нұсқаны қабылдамаймыз, Қала ең жақсы жобаларды таңдауға құқылы болады. Бізде компаниялар үшін жобалары бар жер аукциондары ұйымдастырылады. Ең жақсы жобаны кім ұсынады, қала  соған артықшылық береді. Біз жобаны мақсатты түрде алғымыз келеді. Оның үстіне, мен жеке инвестициялардың рөлін арттыруды қалаймын, сондықтан жеке меншік иелері қалаға, елге ғана емес, өздері үшін де қалатын активті алғысы немесе салғысы келеді»,-деді әкім.

Алматы бұрын салынған сәулет жетістіктерімен өмір сүруде. Біз оларды әрлейміз әрі ретке келтіреміз, деді қала басшысы өз сөзінде.

«Шын мәнінде, жаңа Алматының, жаңа Қазақстанның символына айналған нәрселер саусақпен санарлықтай ғана. Мен қалада олардың көп болғанын қалаймын. Ол үшін біз жағдай жасаймыз, тұрғын үй құрылысының шекарасын нақты бөлуіміз керек. Сондай-ақ, қала архитектурасы деген не және тұрғын үймен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік проблемаларды шешу деген не деген мәселені бөлген жөн. Бас жоспарға сәйкес қала үшін жарғы немесе кодекс болуы және оны қатаң сақтау керек. Сіздер  жасаған барлық нәрсе бір жылға емес, он жылға, ұрпаққа арналған. Біз Еуропаға барғанда, ондағы салынған құрылыстарды көріп таң қаламыз  әрі сөз етеміз. Мен Алматы туралы да осындай сөздердің айтылғанын қалаймын»,-деді Е. Досаев.