Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің халық әуендері орындалды

Ташкентте ШЫҰ-ға мүше елдердің халық әуендері орындалды
Cурет: Inform.kz

Достықты нығайтқан өнер

Өзбекстан астанасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 21 жыл толуына орай «ШЫҰ халықтарының музыка кеші» концерті өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық әуендері өзбек нақышында орындалды.

 «Музыка әр халықтың дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл әуендер тыңдарманның жүрегіне жылы сезім ұялатады. ШЫҰ халықтарының музыкалық өнері және мәдениетімен етене танысу – елдер арасындағы достықты нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз», - деп атап өтті ШЫҰ-ның Халық дипломатиясы орталығының баспасөз қызметі. 

Өзбекстанның мемлекеттік филармониясы залында «Согдиана» ұжымы қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Сондай-ақ, Хадиша Имомназорова Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқады.