ҚР Президенті Архивінің директоры тағайындалды

ҚР Президенті Архивінің директоры тағайындалды
Сурет: Inform.kz

ҚР Президенті Архивіне жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әлия Мұстафина ҚР Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Құсайынқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Президенттің өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова ҚР Президенті Архивінің директоры қызметінен босатылды.