ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы бір жүлде алды

ҚР құрамасы Азия ойындарында тағы бір жүлде алды
Сурет: Olympic.kz

Стенд атудан ҚР құрамасының мүшелері Қытайдағы Жазғы Азмһия ойындарда тағы жүлдегер атанды. 

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы (Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.

Жарыс нәтижесі:

1-орын: Үндістан — 337 ұпай

2-орын: Қытай — 336 ұпай

3-орын: Қазақстан — 316 ұпай

Айта кетейік, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылғы Азия ойындарында чемпион атанған еді. Ал Мария Дмитриенко 2014 жылы – алтын, 2018 жылы жеке сайыста қола алды. 

Ел құрамасында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 20 қола, барлығы 27 медаль бар.