Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті

Костенко шахтасындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті
Сурет inform.kz

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 28 адамның денесі табылған, ал 18 кеншіні іздестіру жалғасып жатыр.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.