Коронавируспен ауырып жүргенде қандай тамақ ішкен дұрыс. Дәрігер кеңесі

Коронавируспен ауырып жүргенде қандай тамақ ішкен дұрыс. Дәрігер кеңесі
Cурет: Nur.kz

Толықтай сауыққанша қант, тұз, газдалған сусын және шұжық жемеген жөн

Коронавируспен ауырып жүргенде ағзаны сергіту үшін кофе немесе энергетикалық сусындарды ішудің қажеті жоқ,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Диетолог-дәрігер Елена Соломатинаның айтуынаша, кофейн адамның жүйке жүйесіне салмақ түсіреді, ал коронавирус кезінде керісінше тынығу керек. 
«Москва 24» басылымының жазуынша, COVID-19 кезінде науқастарда негізінен шаршау мен басайналу кездеседі. Ал, адамдар ұйықтап тынығудың орнына, ағзасын сергітуді жөн санайды екен.

Дәрігердің айтуынша, ұйқы- адам ағзасын емдейді. Сондықтан тынығуды қалап тұрған ағзаны жасанды жолмен кедергі келтіруге болмайды. Өйткені коронавирус кезінде ағзаға тыныққан маңызды. 

Соломатина сырқат кезінде көп мөлшерде су ішуге кеңес берді. Ал, тамаққа келсек негізінен жұмыртқа, теңіз азығы, майлы балық және ашытылған сүт өнімдерін тұтынған жөн дейді. Толықтай сауыққанша қант, тұз, газдалған сусын және шұжық, бекон сияқты өңделген еттен бас тарта тұрған дұрыс.
Дәрігер бұл тағамдардың барлығы коронавируспен күресіп жатқан иммундық жүйеге кедергі келтіретінін айтады, тіптен қосымша проблема тудырып, сырқаттың асқынуына әкелуі мүмкін. 

Диетолог сондай-ақ аурудың алдын алуды да ұмытпау керектігін айтты. Негізінен жұмыртқа жеуге кеңес берді, өйткені оның құрамында қажетті дәрумендер көп. Оған қоса сары-қызғылт сары тағамдардың шырышты қабатты күшейтетін қасиеті бар.