Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады

Қазақстан басқа мемлекеттерден 100 мың тонна қант сұрады
Сурет: Liter.kz

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеген болатын.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазір 350 мың тонна қор бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде негізгі жеткізушілердің бірі - Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістанда оның көлемі шектеулі, сондықтан біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.