Коронавирусқа қарсы вакцинаны 10 млн-дай адам салдырды

Коронавирусқа қарсы вакцинаны 10 млн-дай адам салдырды
Cурет: Ашық дереккөз

2022 жылғы 30 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 485 299 адам, ІІ компонентін 9 245 540 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 сәуірдегі көрсеткіш бойынша «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 072 942 адам, ІІ дозасын 925 045 адам салдырды.
Оның ішінде І компонент егілгендер:
Жасөспірімдер – 826 665,
Жүкті әйелдер – 38 356,
Бала емізетін әйелдер –
136 640 адам.
ІІ компонент егілгендер:
Жасөспірімдер – 755 504,
Жүкті әйелдер – 33 286,
Бала емізетін әйелдер – 121 089 адам.