Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет:Vlast.kz

Бір доллар 446, 38 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 29 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 38 теңге болды. Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448, 49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 444, 73 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 445,09 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 449, 14 теңге.