Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде африкалықтар еңбек еткен

Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде африкалықтар еңбек еткен
Сурет: видеодан алынды

 Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ-не сілтеме жасап.

«21 маусым күні Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде «Мигрант» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Нигерияның - 9, Камерун елінің 2 азаматы анықталды», - деп жазды ведомстводан.

Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан ел аумағында жүргені белгілі болды.

Қазіргі таңда жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде.