Көмір маңызды тауарлар тізіміне енгізіледі

Көмір маңызды тауарлар тізіміне енгізіледі
Сурет: Dauletten.kz

Тас көмір елеулі әрі маңызды тауарлар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің бұйрығы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір», - делінген өзгеріс енгізілгелі отырған бұйрық жобасында.

Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Оны талқылау 12 желтоқсанға дейін жалғасады.