«Көлсай көлдерінде» ішкі туризм дамып келеді

«Көлсай көлдерінде» ішкі туризм дамып келеді
almaty-akshamy.kz

Ішкі туризм нарығы қалай дамиды, Қазақстанның әйгілі көлдерінде кәсіби гидтердің жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Хамит Ахметов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, шетелдік туристер үшін экскурсия жүргізуге дайын кәсіби гидтердің жетіспеушілігі байқалмайды. 

«Шетелдік туристердің басым бөлігі «Көлсай көлдері»  ұлттық паркінің аумағына Алматы қаласынан турфирмамен келеді, яғни әрбір турфирмада дайындалған кәсіби гид пен экскурсовод бар, оның негізгі міндеті шетелдік туристті ертіп жүру. Тиісінше, туристік фирмалар ұлттық паркпен туристерге, оның ішінде шетелдік туристерге қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Жалпы, «Көлсай көлдері» ұлттық саябағында туризм бөлімі жұмыс істейді, оның штатында туризм мамандары мен шет тілдері курстарында оқитын гидтер бар», - деді ол.

Хамит Ахметов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, туристік маусымның қандай болатыны көбінесе ауа-райына байланысты екенін түсіндірді.       

«Егер жаз жаңбырлы және жауын-шашынды болса, сәйкесінше туристер ағыны аз болады. Мұның бәрі ауа-райына байланысты. Жалпы ұлттық парк аумағындағы ішкі туризм нарығы жыл сайын дамып келеді.Туристік соқпақтардың кеңеюіне байланысты ұлттық парктің бүкіл аумағында барлық басқа көлдерді қамтитын 7 туристік маршрут бар», - деді ұлттық парк директорының орынбасары.

Қаржыландырудың түсуіне қарай ұлттық парк рекреациялық жүктемені ескере отырып, туристік маршруттарды қосымша жайластыратын болады.