Колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды
almaty-akshamy.kz
7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz cmn.kz сілтеме жасап.

Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша № 57 ҚАЖ департаментінің бастығы  Петр Писаревты ҰҚК қызметкерлері 7 наурыз күні кешке ұстады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», -деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.