Көлік министрі Әлия Назарбаеваның «ҚТЖ» қызметіне қатысы жоқ екенін айтты

Көлік министрі Әлия Назарбаеваның «ҚТЖ» қызметіне қатысы жоқ екенін айтты
Информ.кз

Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Көлік министрі мен Экология және табиғи ресурстар министріне Әлия Назарбаеваның «Қазақстан теміржолы» және «Оператор РОП» кәсіпорындарының құрылымындағы қазіргі мәртебесі туралы айтып берді 

«Біздің мәліметіміз бойынша, Әлия Назарбаева ханымның «ҚТЖ»-да жолаушы билетін сатып алу бағдарламасы бойынша бизнес үлесі болған. Сондай-ақ, қоқыс шығару жүйесінде бизнесі болған. Осы кәсіпорындағы Назарбаева ханымның мәртебесі туралы айтыңыздаршы, әлі де бизнес үлесі бар ма?» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыс шығару қызметінде Әлия Назарбаеваның үлесі қалмағанын ресми мәлімдеді.

«РОП» - қазір 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын. Иә, бұған дейін жеке меншік кәсіпорын болған. Сол адамның кәсіпорны болған шығар, нақты білмеймін. Бірақ, бүгінгі таңда «РОП» мемлекеттік кәсіпорын ретінде жұмыс істеп тұр. Мен ресми мәлімдеймін, қоқыс шығару компаниясы бойынша да, қоқысты қайта өңдеу, сұрыптау бағытында да Назарбаеваның қатысы жоқ», - деді министр.

Көлік министрі Марат Қарабаев Әлия Назарбаеваның «ҚТЖ» қызметіне де қазір қатысы жоқ екенін айтты.

«Біз қосымша анықтадық. Сіз атаған тұлғаның «ҚТЖ» қызметіне қазір ешқандай қатысы жоқ. Құрылымында оның ешбір үлесі жоқ», - деді Көлік министрі.