Көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Көлік қозғалысына шектеу енгізілді
almaty-akshamy.kz
24 ақпан сағат 09.30-дағы жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жетісу облысында - жалпы ұзындығы 100 км болатын 1 автожол. (боран, шектеулі көрініс)

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.- Достық ст. (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 218 бірлік техника және 231 адам жұмыс істеуде.